Ағылшынша сөйлес - нағыз мұғаліммен әңгімелесіп отырған сияқты.

ЖИ-мұғаліммен еркін сөйлес: ол сені тыңдап, қателеріңді бірден түзетеді. Ал қызықты ойын әлемі үшінші күні-ақ оқуды тастап кетпеуге көмектеседі.

Банк картасы қажет емес. Екі минуттан соң алғашқы сабағыңды бастайсың.

Tutoro репетиторды алмастырып қана қоймай, несімен одан артық?

Tutoro көмегімен мұғаліммен сабақта отырғандай ағылшынша сөйлесіп, тыңдап, оқып жаттығасың.

  • Айына $400

    Тегін

  • Аптасына екі сабақ

    24/7

  • Мұғалімнің сабақ жоспары

    Саған бейімделеді

  • Нағыз сабақ. Дауыстап сөйлес

    Сен сөйлейсің. Мұғалімің жауап береді, түсіндіреді, әңгіме арасында жаттығулар ұсынады.

  • Кез келген жағдайға дайындал

    Жұмысқа орналасу сұхбатына дайындал, дәрігермен сөйлесіп жаттық, шытырман оқиғаға қатыс немесе өз сценарийіңді ойлап тап.

  • Кіммен сөйлесетініңді өзің таңда

    Әр мұғалімнің өз акценті, өз мінезі бар. Өзіңе тілдескен ұнайтынын таңда.

  • Нені жақсарту керегі бірден көрінеді

    Әр сабақтан кейін ұпайларыңды қарап, қай қателерді жиі қайталайтыныңды біл.

  • Үйренген сөздерің есіңде қалады

    Ұмыта бастаған сөздерді әбден есте сақтағанша шағын ойындарда қайталайсың.

  • Шексіз лента емес, нақты оқу жолы

    Әр сабақ сайын картада алға жылжисың, ал бір әлемді аяқтасаң, келесісі ашылады.

  • Деңгейіңді көтер. Кейіпкеріңмен бірге

    Өз кейіпкеріңді жаса. Ол әр сабақ сайын деңгейін көтеріп, жоғары лигаларға өтеді.

Сабақ

Саған әрдайым уақыт табатын мұғалім

Өз деңгейіңе сай 10 минуттық сабақтарды қалаған кезіңде өт. Көп курста сөйлеуге жаттығу жетіспейді, ал мұнда әр сабақта сөйлесіп үйренесің.

  • Мұғаліміңді таңда

    Акценті мен мінезі өзіңе ұнайтын мұғалімді таңда. Басқасын қаласаң, бір рет басып ауыстыра сал.

  • Сөйлесуді баста

    Әңгімелесу барысында мұғалімің шағын жаттығулар береді. Құр жаттау да, тақта толы ереже де жоқ.

  • Нәтижеңді көр

    Әр жауабыңнан кейін мұғалім қатеңді түзетеді. Сабақ соңындағы қорытындыдан қай тұсты әлі де пысықтау керегін көресің.

  • Картадағы келесі белеске өт

    XP жинап, картадағы келесі нүктені аш. Есте сақтауға қиын сөздерді кейін ойында қайталайсың.

  • Айтылым

  • Тыңдалым

  • Сөздерді орнымен қолдану

  • Грамматиканы жаттамай үйрен

Сабақты қарап көр

20+ мұғаліммен түрлі жағдайларда ағылшынша сөйлес

Сөйлес, жаз, жаттығулар орында. AI мұғалімің қатеңді бірден түзетіп, кез келген жағдайда ағылшынша сенімді сөйлеуге көмектеседі.

  • Sophia

  • Margaret

  • Кай

тағы

  • Дауыс жазу

    I'd like a table for two, please.

  • Жауабыңды жаз

    Could we sit by the window?

  • Сөйлем құрастыр

    Seven o clock works for us

Кейіпкеріңді жасап, қалауыңша киіндір

Басты кейіпкер өзің болсаң, оқу да ойынға айналады. Кейіпкеріңді жаса, сабақтарды өткен сайын оған жаңа киімдер мен аксессуарлар аш.

  • Көзілдірік

  • Бас киім

  • Үстіңгі киім

  • Астыңғы киім

  • Аяқ киім

  • Бет

  • Қас

  • Мұрын

  • Ерін

Сабақтар тізімде емес, картада

Сабақ тізімін парақтамай, саяхатқа шық. Әр сабақта өмірде кездесетін жағдайларды пысықтайсың, ал ашқан әр жаңа өлкең қаншалықты алға жылжығаныңды көрсетеді.

Әр арал - бір сабақ. Бірін аяқтасаң, келесісі ашылады, сондықтан әрі қарай не оқитыныңды әрдайым білесің.

Word Battle

  • Шалғын

    • Алғашқы сөздер

    • Сандар мен уақыт

    • Кофеге тапсырыс беру

    • Жаңа таныстық

  • Шөл

    • Жол сұрау

    • Қонақүйге орналасу

    • Екі адамға кешкі ас

    • Бір мәселе шықты

  • Тау

    • Жұмысың туралы айту

    • Сыпайы қарсылық білдіру

    • Жұмыс сұхбатында жауап беру

    • Қысылмай әңгіме-дүкен құру

  • Қар

    • Әңгімелесушіңнің пікірін өзгерту

    • Дауыстап ойлану

    • Күнделікті әңгімедегі тұрақты тіркестер

    • Әңгімеде тосылып қалмау

Word Battle

Word Battles ойынында нағыз ойыншыларды жең

Өткен сабақтардағы сөздер бойынша 60 секундта қарсыласыңнан көбірек дұрыс жауап бер. Жеңсең де, жеңілсең де, сөздер есіңде жақсырақ қалады.

Сен

Marta

  • Екі есе XP

  • Қалқан

  • Қосымша уақыт

Дұрыс сөзді таңда

  • gentle

  • мол

Марапат жина, ынтаңды жоғалтпа

Әр марапаттан кейін ертең тағы оқығың келеді.

  • Streak

    Бір күн өткізіп алсаң, от сөніп қалады. Қарапайым ереже, бірақ күнде оралуға ынталандырады.

  • XP

    Әр сабақтан, шайқастан және сториден XP жина. Апталық лигадағы орның жинаған XP мөлшеріне байланысты.

  • Almases

    Сабақ оқып, Almases жина. Оларды мұғалімдерге, заттар мен күшейткіштерге жұмса.

Өзіңе ыңғайлы уақытта

Ойнап жүріп сөз үйрен, интерактивті стори оқы

Word Rider ойынында жиі шатастыратын сөздеріңді жаттықтырасың. Ал сторилерде мәтінді тыңдайсың, кез келген сөзді басып, мағынасын көресің және сұрақтарға жауап бересің.

Лигаларда жоғарыла, ағылшын тіліңді жетілдір

A1 → B2

Әр дүйсенбіде 30 адамнан тұратын топқа қосыласың, ондағы орның жинаған XP санына байланысты. Аптаны алдыңғы қатарда аяқтасаң, жоғары лигаға өтесің, соңғы орындарда қалсаң, бір лига төмен түсесің.

Осы жерден бастайсың

Bronze лигасынан төмен түспейсің. Барлығы он лига бар, әр жоғарылаған сайын Almases аласың.

  • Bronze

  • Silver

  • Gold

  • Sapphire

  • Ruby

Үйренушілердің пікірлері

Бір аптадан аса оқып жүргендердің қысқаша пікірлері.

  • Ақыры мені ағылшынша сөйлететін қосымша таптым!

    L.K.

  • ЖИ-мұғаліммен сөйлесу кәдімгі әңгімедей екен, таңғалдым. Дауыстап жауап беріп, түсінбегенімді әңгіме үстінде сұрап аламын. Осысы ұнайды.

    M.R.

  • Тіл үйренуге арналған бірнеше қосымшаны қолданып көрдім, бірақ көбінен бір аптадан соң жалыға бастадым. Tutoro әлдеқайда қызық: сөйлесіп отырып, арасында тапсырмалар орындайсың.

    A.S.

  • Маған ең ұнайтыны - сөйлесіп жаттығу.

    N.P.

  • Сабақ оқығаннан гөрі ойын ойнап отырғандаймын. Сондықтан күнде қайта кіргім келеді.

    D.M.

  • Қайда жүргеніме қарай сөйлеп те, жазып та жауап бере аламын. Осы жағы ұнайды.

    S.T.

  • Сабақтар қысқа әрі түсінікті, бәрі нақты. Әдетте үзілісте бір сабақты өтіп аламын, көп уақыт бөлудің қажеті жоқ.

    J.B.

  • Мұғалім қателерімді қарапайым тілмен түсіндіреді. Қате жауап берсем де, нені түзету керегін бірден түсінемін.

    E.K.

  • Маған бәрінен де Word Battles ұнайтын сияқты. Біреумен жарысып сөз үйрену әлдеқайда қызық.

    R.V.

  • Арал картасынан қаншалықты алға жылжығанымды көріп қуанамын.

    C.N.

  • Бұрын ағылшынша жақсы түсінсем де, сөйлеуге келгенде қиналатынмын. Tutoro арқылы тұрақты оқи бастағалы, ауызша жауап беру әлдеқайда жеңілдеді.

    I.G.

  • Сторилер қарапайым әрі пайдалы, безендірілуі де әдемі. Әсіресе түсінбеген сөзімді басып, мағынасын бірден білуге болатыны ұнайды.

    F.L.

  • Ағылшын үйренуге арналған талай қосымшаны қолданып көрдім. Ең қызығы осы шығар.

    T.A.

  • Әңгіменің дайын сценариймен ғана жүрмейтіні ұнайды. Кейде күтпеген сұрақ қойсам да, мұғалім іліп әкетіп, әңгімені жалғастыра береді.

    V.H.

  • Сөздерді дұрыс айтуға жаттығып жүріп, жылдар бойы қайталап келген қателерімді байқадым.

    P.D.

  • Ақыры ағылшын тілін күнде оқуға дағдыландым.

    G.S.

  • Streak, лигалар мен марапаттар мені шынымен ынталандырады екен. Басында ағылшынша сөйлесіп жаттығу үшін жүктегенмін, ал ойынның қызығымен қазір үзбей оқып жүрмін.

    B.R.

  • Сабақ өткім келмей, жай ғана ағылшынша сөйлесіп жаттыққым келсе, «Еркін әңгіме» таптырмайды.

    K.M.

  • Қосымша деңгейіме жақсы бейімделеді. Бастапқы деңгейдегі тақырыптарды қайта-қайта өте берудің қажеті жоқ.

    H.C.

  • Мұғалімге кез келген уақытта сұрақ қоя алатыным қатты ұнайды. Жай ғана қосымшада жаттығу орындап отырғандай емес, жеке мұғаліммен сабақ оқып отырғандай сезінемін.

    O.J.

  • Әңгімелесу, ойындар мен сторилер жақсы үйлескен. Сабақтар әртүрлі болғандықтан, күнде бір нәрсені қайталай беріп жалықпаймын.

    W.P.

  • Бірнеше аптаның ішінде ағылшынша сенімдірек сөйлей бастадым. Ең бастысы, қазір әр сөйлемді айтпас бұрын ойша аударып отырмаймын.

    M.C.

  • Басқа тіл үйрететін қосымшаларға қарағанда әлдеқайда қызық, сабаққа бірден араласып кетесің.

    Y.R.

  • Қосымшаға қайта-қайта кіретінім де ЖИ-мен сөйлесу үшін. Кәдімгі адаммен әңгімелескендей, ағылшынша сөйлеуге жақсы жаттығамын.

    A.N.

  • Word Rider-ге осынша қызығып кетем деп ойламаппын.

    D.K.

  • Қазір келесі сабақты асыға күтетін болдым. Бұрын ешбір ағылшын курсында бұлай болмаған еді.

    L.F.

  • Ағылшын тілін үйрету тәсілі өзгеше екен. Жаттығу көп, ал ойын элементтері жалықтырмайды.

    R.S.

  • Ағылшынша сөйлеп жаттығуға керемет көмектеседі. Әртүрлі рөлге еніп сөйлесетін жағдайлар мен сценарийлер көбірек қосылса екен.

    N.V.

  • Жалпы, керемет қосымша, сабақтары да жақсы ойластырылған. Кейде энергия қалағанымнан ертерек таусылып қалады. Есесіне апта бойы аз-аздан оқып жүремін.

    E.T.

  • AI мұғалімі де, сөйлеуге арналған сабақтары да керемет. Аватарға көбірек киім қосып, сырт келбетін өзгертудің де жолдары көп болса екен.

    J.M.

Алғашқы сабағыңа небәрі екі минут қалды

София сені күтіп отыр. Тегін оқы, банк картасы қажет емес.